Қызым, саған айтам, сен — өзің тыңда…
✅ 1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен — тұрмыс құрма!
Таңғы жалқаулық — түс ауғанда шабыт әкелмес…
✅ 2. Қарынды жігітке — назар аударма!
Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас…
✅ 3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспа!
Бүгін, ол — зат лақтырса, ертең — сені де лақтырады…
✅ 4. Ата-анасының бетінен алатын жігіттен — аулақ жүр!
Оларды аямаған адам — сені тіпті де оңдырмас…
✅ 5. Жайбасар, ынжықтан — аулақ бол!
Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер…
✅ 6. Құрбыларыңның көзінше саған ұрысатын жігітке жолама!
Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кетуі мүмкін…
✅ 7. Әркімге жарамсақтанған жағымпаз жігіттен аулақ бол!
Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің…
✅ 8. Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жолама!
Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді…
✅ 9. Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпа!
Кейде «Онсыз тұра алмаймын» деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді…
✅ 10. Болып-толған адамға — ешқашан сенбе!
Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан — бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас…
Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, адал адамды танып, тапсаң — көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!
